ЕРЕЖЕ

«Звено Алтая» әдеби бірлестігінің 100-жылдығына арналған «Шабытқа толы 100 жол…100 вдохновенных строк…» Халықаралық интернет-сайысын өткізу туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелері

Үлкен өзендер бұлақтардан бастау алады. Алтайдың Ертіс өңірі әдебиетшілерінің де алғашқы бастаулары бар. Бұл – осыдан 100 жыл бұрын 1921 жылы Өскемен қаласында құрылған «Звено Алтая» әдеби бірлестігі! Бір ғасыр жасаған әдеби бірлестіктің құрамындағы талантты жерлестерімізді мақтан тұтамыз және құрметтейміз.

            «Звено Алтая» әдеби бірлестігінің негізін қалаған П.Бажов, Н. Анов, П. Кузнецов, Г.А. Тотин, Б.Н. Лапин, М.Ф. Иванусьев-Алтайский, кейінірек – Дмитрий Черепанов, Иван Хведчук, Александр Афанасьев сияқты азаматтардың есімдерін атауға болады. «Звено Алтая» әдеби бірлестігінің отырыстарына Е.Н. Пермитин және А.М. Волков қатысқан.

            «Звено Алтая» әдеби бірлестігін әр жылдары М. Тыцких, М. Чистяков, Б. Щербаков, А. Егоров басқарды. Есімдері аталған тұлғалар көптеген әдебиетшілерді өздеріне тарта білді. Бүгінгі уақытта әдеби бірлестік мүшелерінің таланты мен кәсіби шеберлігі әлі де жоғары деңгейде.

            Әдеби бірлестіктің 100-жылдық мерейтойы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен қатар келгенін атап өту керек. Егемендік жылдары ақын-жазушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, тарихи-мәдени мұраны сақтауға жағдайлар жасалды.

            Біздің жерлесіміз Дмитрий Черепанов (ол кезде «Братина» альманахының бас редакторы болған, Москва қ.) әдеби бірлестіктің 90-жылдығына арналған мерейтойлық құттықтауында «Звено Алтая» сөзінің мағынасын ашып айтқан, ол бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтқан емес. «Звено Алтая»! Осыдан 90 жыл бұрын, еркелей аққан кербез сұлу өзеннің, жасыл ормандар мен жазықтардың, асқар таулардың етегінде осы бір атау дүниеге келді! Ол терең мағынаны өзіне сыйғызған! Мұнда жерлес-әдебиетшілердің бірлескен шығармашылық іске деген ұмтылысы, әрқайсысының шығармашылығының еліміздің әдебиетімен сарқылмас байланысы және ұрпақтар сабақтастығы бар».

            Осындай сайыстарды өткізуді дәстүрге айналдыра отырып, біз Қазақстанның әдеби бірлестігінің мерейтойын назардан тыс қалдыра алмадық. Жерлес ақындардың

шығармашылықтары Отанға және табиғатқа деген сүйіспеншілікке, жақындарыңа қамқор болуға, адамгершілікке және патриотизмге, эстетикалық көзқарасты қалыптастыруға және жастарды шығармашылыққа жетелеуге ықпал етеді.

            Осыған байланысты, сондай-ақ жақын және алыс шетел кітапханаларымен халықаралық кәсіби ынтымақтастықты дамыта отырып, Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы (ары қарай – Кітапхана) «Звено Алтая» әдеби бірлестігінің 100 жылдығына арналған «Шабытқа толы 100 жол…100 вдохновенных строк…» атты Халықаралық интернет-сайысын жариялайды (ары қарай – Интернет-сайыс).

2.Интернет-сайыстың мақсаты

Мақсаты – Қазақстанның ежелгі әдеби бірлестігінің тарихи дамуымен таныстыру; Қазақстандық жас ұрпақтың және басқа елдер оқырмандарының назарын шығысқазақстандық ақын-жазушылардың шығармашылық мұрасына аударту; оқуға, ұлттық мәдениетке тарту; кітап пен оқудың құндылығын насихаттау; оқу арқылы балаларды әлеуметтік мәдени ортаға біріктіру.

  1. Интернет-сайыстың міндеті

Алға қойылған мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:

  • «Звено Алтая» әдеби бірлестігінің 100 жылдығындағы негізгі кезеңдерін ашу, жергілікті жазушылардың әдеби мұралары негізінде өлкетану материалдарын зерттеу;
  • Сайыс арқылы елімізде және одан тыс жерлерде жастарды мәдени және әлеуметтік біріктіру;
  • Республика және жақын шетел кітапханаларымен кәсіби байланыстарды дамыту арқылы Шығыс Қазақстанның мәдениетін насихаттау бойынша достық қарым-қатынасты дамытуға ықпал ету;
  • Отанының мәдени және рухани мұрасына құрметпен қарауға тәрбиелеу, өзінің одан әрі дамуы үшін туған өлкеміздің әдебиеттерін оқудың және зерттеудің маңыздылығын түсіну.

4.Интернет-сайысты іске асыру мерзімі

4.1. «Звено Алтая» әдеби бірлестігінің 100-жылдығына арналған Халықаралық интернет-сайыс екі кезеңнен тұрады:

1 кезең (аймақтық) – 2021 жылдың 29 қаңтарынан 30 шілдесіне дейін. Бірінші кезеңде балалар мен жасөспірімдерге қызмет көрсететін облыс кітапханалары оқырмандар, кітапхана мамандары және жастар арасында Интернет-сайысқа жарнама жұмыстарын ұйымдастырады, барлықтарын сайыстың өткізілу шарттарымен таныстырады, қатысушылармен белсенді жұмыстар жүргізеді, шығармашылық жұмыстарды құрастыруға көмектеседі, сайысқа қатысуға өтініш құжаттарын дайындайды, үздік жұмыстарды  imo.odyub@mail.ru электронды поштасына жібереді.

2 кезең (халықаралық) – 2021 жылдың 2 тамызынан 20 қыркүйегіне дейін. Екінші кезеңде сайысты ұйымдастырушылар қатысушылар жіберген жұмыстармен танысады, жұмыстарды Кітапхана сайтында жариялайды –  https://www.vkolibrary.kz/index.php?lang=ru және – https://www.youtube.com/channel/UCUVQJqg7tiG4ILfhGSpVevQ. Пайдаланушылардың үздік жұмысқа онлайн-дауыс беруін ұйымдастырады («Халықтық дауыс берудің жеңімпазы»). Өз кезегінде әділқазылар алқасы ұсынылған номинациялар бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды, жеңімпаздарға салтанатты құрмет көрсетуді ұйымдастырады.

4.2.  Қазақстанның басқа аймақтарынан, ТМД және жақын шетелдерден қатысушы кітапханаларда интернет-сайыс 2 кезеңде өткізіледі: 

1 кезең (аймақтық) – 2021 жылдың 29 қаңтарынан 30 шілдесіне дейін;

2 кезең (халықаралық) – 2021 жылдың 2 тамызынан 20 қыркүйегіне дейін.

 

 

  1. Интернет-сайысты ұйымдастырушылар және қатысушылар

5.1. «Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі («ШҚ ОБЖК») Интернет-сайыстың ұйымдастырушысы болып табылады (Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы).

5.2. Бірлескен ұйымдастырушылар интернет-сайыстың мақсаттары мен міндеттерін қолдайтын жалпыға қолжетімді кітапханалар бола алады.

5.3. Интернет-сайыстың қатысушылары екі жас санаты бойынша оқырмандар болып табылады (7-15 жас, 16-23 жас).

  1. Интернет-сайысты іске асырудың тәртібі мен шарттары

6.1. Интернет-сайыс «ШҚ ОБЖК» КММ-нің 2021 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі.

6.2. Интернет-сайысты ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі қызметті  үйлестіруді Халықаралық интернет-сайыстың төрағасы басқарады.

6.3. Интернет-сайыстың Ұйымдастыру комитеті аймақтық және халықаралық ұйымдастыру комитетінің функциясын іске асырады.

6.4. Интернет сайысқа қатысушы кітапханаларда аймақтық  ұйымдастыру комитеттері құрылады, олардың міндеттеріне жергілікті жерлерде сайысты ұйымдастыру және халықаралық кезеңге жұмыстарды іріктеу енгізіледі.

6.5. Қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында барлық Интернет-сайысқа қатысушылар үшін ақпарат екі тілде жүзеге асырылады: мемлекеттік (қазақ тілінде) және орыс тілінде.

  1. Интернет-сайыстың негізгі шаралары

Түрлі оқырмандар тобы арасында өткізілетін шығармашылық сайыстар интернет-сайыстың негізгі мәдени шарасы болып табылады: 

7.1. «Бейнеоқу. Видеочтение» номинациясында мәнерлеп оқушылар сайысы өткізіледі.

Сайысқа қатысу үшін ұсынылған авторлардың шығармаларынан үзінділер таңдалып алынады. Қатысушылар автор шығармасынан үзіндіні жатқа оқиды, оқыған үзіндісін бейнетаспаға жазады. Оқу алдында қатысушы өзінің аты-жөнін, шығарма авторын және атауын атайды. Шығармаға қарап оқылған үзіндіні әділқазылар алқасы қабылдамайды. Сайыстың критерийлеріне сай болуы керек. (№2 қосымшаны қара)

Бейнежазбаның техникалық талаптары:

көлденең түсірілім (горизонтальды);

– MPEG4 көлемі 720×576 кем емес;

– бейнеролик ұзақтығы 3 минутқа дейін.

 

Жұмысты бағалау критерийлері:

  • оқылатын үзіндінің мағынасын түсіну;
  • оқу әсерлілігі және жылдамдығы ;
  • оқудың мәнерлілігі мен айқындығы, бірқалыпты ритм және сөйлеу ырғағы, логикалық екпін;
  • шығарма тақырыбын ашу ерекшелігі.

7.2 «Рөлдер бойынша оқу» номинациясында мәнерлеп оқушылар сайысы өткізіледі. Аталмыш номинацияда сайысқа қатысушы рөлдер бойынша оқу үшін өзінің жұбын таңдап алуы қажет (кітапханашы, ата-аналары, досы) және ұсынылған автордың шығармасынан алынған үзіндіні оқуы қажет. Қажет болған жағдайда өз еріктерімен реквизиттерді,  декорацияларды, костюмдерді, музыканы және басқа да құралдарды пайдалануға болады.

Бейнежазбаның техникалық талаптары:

көлденең түсірілім (горизонтальды);

– MPEG4 көлемі 720×576 кем емес;

– бейнеролик ұзақтығы 3 минутқа дейін.

Жұмысты бағалау критерийлері:

  • мәтіннің мағынасын түсіну;
  • оқудың әсерлілігі мен мәнерлілігі;
  • сөйлеу мәдениеті мен техникасы;
  • әртістік шеберлігі.

7.3 «Поэтикалық палитра» номинациясында сурет сайысы өткізіледі.

Сайысқа ұсынылған авторлардың туындыларының желісі бойынша қатысушы оқырмандардың суреттері ұсынылады, онда шығармашылық жұмыстың өзіндік ерекшелігі, сондай-ақ жұмыстың орындалу сапасы қамтылуы тиіс (композиция, безендірілуі, түстерді қолдануы). Әрбір қатысушыдан 1 жұмыстан артық емес; жұмыстар түрлі техникада орындалуы мүмкін: қарындашпен, гуашьпен, акварельмен, майлы бояумен және пастельмен.

Бейнелеуге қойылатын техникалық талаптар:

  • А2, А4 форматында;
  • байқауға сканерленген немесе фотосуретке түсірілген жұмыстар рұқсат етілген көлемі 800х600 кем емес келесі форматтардың кез келгені бойынша жіберіледі: *.jpg, *.png, *.pdf

 

Жұмысты (суретті)бағалау критерийлері:

  • сайыстың тақырыбына сай болуы;
  • авторлық жұмыстың өзіндік ерекшелігі;
  • шығарманың мазмұнын шығармашылық тұрғыдан аша білу;
  • көркемдік және эстетикалық деңгейі.

  1. Сайысқа ұсынылатын жұмыстарды таңдау және ұсыну тәртібі

8.1.  Интернет-сайысқа қатысушылар шығармашылық жұмыстарды (әр номинация бойынша жеке) сайысқа қатысуға өтініммен бірге қатысушы кітапханалардың Ұйымдастыру комитетіне немесе интернет-сайысты ұйымдастырушының Ұйымдастыру комитетіне 2021 жылғы 30 шілдеге дейін imo.odyub@mail.ru. электрондық мекенжайына жібереді

8.2. Жіберілген жұмыстар www.vkolibrary.kz Кітапхана сайтындағы интернет-сайыстың арнаулы ақпараттық блогына, сондай-ақ  2021 жылдың 2 тамызынан 20 қыркүйегіне дейін халықтық дауыс беру өтетін (https://www.youtube.com/channel/UCUVQJqg7tiG4ILfhGSpVevQ) YouTube кітапхана арнасына қойылады.

8.3. Көрсетілген мерзімнен кейін Ұйымдастыру комитетіне келіп түскен жұмыстар сайысқа қатысуға жіберілмейді.

 

  1. Интернет-сайыс қорытындыларын шығару

9.1. Интернет-сайыс жеңімпаздарын анықтау үшін төраға басшылық ететін әділқазылар алқасы құрылады, төраға болмаған жағдайда оның міндетін орынбасары атқара алады.

 Әділқазылар алқасының әр мүшесі қатысушылардың жұмысын белгілі номинациялар бойынша («Бейнеоқу», «Рөлдер бойынша оқу», «Поэтикалық палитра») критерийлерге сәйкес бағалайды.

Берілген дауыстың қорытынды есебін Ұйымдастыру комитеті береді.

Дауыс саны бірдей болған жағдайда жеңімпазды төраға анықтайды, оның дауысы шешуші дауыс болып саналады.

Интернет-сайыс жеңімпаздары белгіленген критерийлерге сәйкес 2021 жылдың 20 қыркүйегіне дейін анықталады.

Сайыс қорытындысы 2021 жылдың 24-28 қыркүйегінде шығарылады. Сайыс қорытындылары бойынша үш номинацияда I, II, III орындар тағайындалады. Жеңімпаздарға дипломдар, сондай-ақ барлық сайысқа қатысушыларға  сертификаттар беріледі.

9.2. Халықтық дауыс беру (https://www.youtube.com/channel/UCUVQJqg7tiG4ILfhGSpVevQ) YouTube кітапхана арнасында  2021 жылдың 2 тамызынан 20 қыркүйегіне дейін өткізіледі (8 тармақты қара). Кітапхананың барлық пайдаланушыларының жасына және тұрғылықты жеріне қарамастан «Бейнеоқу», «Рөлдер бойынша оқу», «Поэтикалық палитра» номинациялары бойынша сайысқа қатысушылардың ұнаған жұмысына дауыс беруге мүмкіндігі бар.

Дауыс беру 2021 жылдың 20 қыркүйегінде аяқталады. Үш номинацияда халықтық дауыс беру жеңімпаздарының есімдері әділқазылар алқасының қорытындылауы бойынша сайыс лауреаттарымен қатар бір мезгілде жарияланады. Сондай-ақ олар дипломдармен марапатталады.

  1. Сайысқа ұсынылған жұмыстарды пайдалану құқығы

Интернет-сайысқа қатысушылар өздерінің жұмыстарын авторлық төлемақысыз оны ұйымдастырушылардың пайдалануына келісім береді, бірақ автордың есімін келесі тәсілдермен көрсетуге тиісті болады: сайыс жұмыстарының мәтінін жариялау, бейнематериалдарды «ШҚ ОБЖК» КММ  www.vkolibrary.kz сайтының арнаулы парақшасында, Facebook әлеуметтік желісінде жариялау, көрмелерде және басқа да көпшілік шараларда көрсету, жинақтарда, сондай-ақ коммерциялық емес негізде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Директор                                                                                                Мукашева К.Б.